Жалған хабарлама салдарынан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, APEC колледжі студенттері, мұғалімдер эвакуацияланып, оқу процесі үзілді.
«Полиция департаментіне Атырау университеті мен қаладағы колледждердің бірінде «күдік тудырған сөмке бар» деген хабарлама түсті. Атыраулық полицейлер ғимараттардағы адамдарды эвакуациялап, тексеру жүргізген. Нәтижесінде, хабарламаның жалған екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүруде. Көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген» деп түсінік берді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА