«Айқайлап кабинеттен қашып шыққан»: Шымкентте аурухана дәрігеріне қылмыстық іс қозғалды

Ол жерде нақты не болғанын тергеу мен қылмыстық іс аясында тағайындалған сот-медициналық сараптамасының қорытындысы көрсетеді.

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің бірі науқасты зорламақ болды деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс қозғалған, – деп хабарлайды  "Время" басылымы.

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Аурухананың жедел жәрдем бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, сол түні кезекшілікте науқасты жедел жәрдем алып келген. Ол ішінің ауырып жатқанын айтып, шағымданған. Дәрігерлердің бірі оны тексеру үшін тыныштық бөлмесіне алып барған.

Ол жерде нақты не болғанын тергеу мен қылмыстық іс аясында тағайындалған сот-медициналық сараптамасының қорытындысы көрсетеді. Алайда мұндай "тексеруден" кейін қыз айғайлап кабинеттен қашып шыққан.

«Аталған дерек Тұран аудандық ішкі істер бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі ("Зорлауға оқталу") бойынша тіркелді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды”, – деп мәлімдеген Шымкент қалалық Полиция департаменті.