Оралда қоқыс жәшігінен табылған баланың анасына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, – деп хабарлайды “Мой город” басылымы.
Үш баласы бар келіншек төртінші сәбиін қоқысқа тастап кеткен
1,435
оқылды

Сәбиден басқа келіншектің тағы үш баласы бар болып шықты. 

Сәуірдің 24-і күні қоқыс жәшігінен жаңа туған ұл бала табылды. Баланы анасы жалаңаш, полиэтилен пакетке оралған күйінде қоқысқа қалдырып кеткен. Болжам бойынша, бала туғаннан кейін 7-8 сағаттан соң тұрғындардың бірі тауып алған. Ол бастапқыда урнада марғау мияулап жатыр екен деп ойлаған.

Полицейлер сәбидің анасын сол күні-ақ анықтады. Ол тағы үш баласы бар 25 жастағы әйел болып шықты.

"Ол үшінші баласына жүкті болған кезде бізден көмек сұрады. Біз оған киім-кешек, тамақ жағынан көмектесіп, еріктілерді жәрдемге жұмылдырдық. Бірақ оның төртінші баласына жүкті екенін білмедік. Білсек, міндетті түрде көмектесер едік. Ол өзі де бізден көмек сұрамады. Ананы да түсінуге болады. Бәлкім денсаулығында ақау болуы мүмкін. Жүктілік кезінде депрессияға түскен болуы ықтимал. Күйеуімен ажырасқан жалғызбасты ана болғандықтан күйзелісте жүрген де шығар. Әйелдің айтуы бойынша, ер адам алимент төлемеген, бірақ ол АӘК алған. Соңғы рет жаңа жылдың алдында барып, балаларға сыйлықтар алып барғанбыз. Бірақ ол бізге жағдайын айтпады", – деді "Аналар үйі" орталығының маманы Зәмзәгүл Шқанова.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нәрестенің әжесі сәбиді көруге ауруханаға келгенін хабарлады.