"Каталитикалық крекинг қондырғысында технологиялық режим бұзылды.
Төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау мақсатында зауыт жанармай газын алауға шығару бойынша мәжбүрлі шаралар қабылданды.
Сағат 16: 33-те жанармай газын шығару тоқтатылды.
Оқиғаның себептері анықталуда", - деп түсінік берді зауыттың баспасөз-қызметі.
Атырау мұнай өңдеу зауытында бүгін, яғни 27 сәуір күні түстен кейін апатты жағдай орын алды. Салдарынан ауаға лас қалдықтар тасталды.
