Оқиға 27 сәуір күні Көбеев көшесінде болған. 85 жастағы зейнеткер бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Зейнеткер оқиға орнында қаза тапты.
Полицейлер оқыс оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайын тергеу-жедел тобы анықтап жатыр.