Бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов Серік Күдебаевты Ыстамбұлда ұстады деген болатын.
«Әкемді ұстаған жоқ...» – Серік Күдебаевтың ұлы күтпеген мәлімдеме жасады
4,827
оқылды

Шетелде ұсталды деген генерал Серік Күдебаевтың ұлы мәлімдеме жасады. Ratel.kz-та  жарияланған видеода генералдың ұлы Арман Мырзақұлов әкесін құқық қорғау органдарының өкілдері ұстамағанын айтады. 

«Әкем кенже інім Асланбекке қоңырау шалып, «еліме ораламын. Үйге қайтып бара жатырмын» деп хабар айтыпты. БАҚ-та әкемді құқық қорғау органдары ұстағанын айтып жатыр. Әкемді құқық қорғау органдарының өкілдері ұстаған жоқ», – дейді генералдың ұлы Арман Мырзақұлов. 

 

Фото: ratel.kz