Өртенген үйден 2020 жылы туған егіз баланың денесі табылды.
"Электр пешін қосулы қалдырған": Қостанай облысында егіз бала қаза тапты
1,829
оқылды

Қостанай облысында жеке үйден шыққан өрт салдарынан екі кішкентай бала қайтыс болды.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 сәуірде Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылында болған.

«Өртенген үйден 2020 жылы туған егіз баланың денесі табылды. Өрт ас үйден шығып, 5 шаршы метр аумаққа тараған. Өрт кезінде балалар үйде жалғыз қалған. Оқиға туралы жұмыстан қайтқан отағасы  хабарлады», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде құтқарушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өрт электр су жылытқышының электр желісіне қосылып тұрған кезінде, токтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.

«Балалар өлімінің алдын ала себебі: көміртегі тотығынан улану», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесі үшін айтылмайтыны ескертті.