Алматыдағы 58 соғыс ардагері 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай төлем алады.
Алматыда ҰОС ардагерлеріне 1,5 миллион теңге беріледі
1,313
оқылды

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс III сессиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай біржолғы көмек көрсетуді депутаттар бірауыздан қолдады. Осылайша, барлық 58 алматылық соғыс ардагері 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай төлем алады.

 

Бұған дейін Алматы қаласының әкімдігімен әрбір ардагерге бір миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылған болатын. Алайда, мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша биыл Алматыдағы 58 соғыс ардагері 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай төлем алады.

Сондай-ақ, Жеңіс күніне жалпы сомасы 889,9 млн теңгеге ақшалай төлем Алматының басқа 13 233 тұрғынына қарастырылғаны белгілі болды. Бұл Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар, еңбек майданының қатысушылары, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс ардагерлері, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері, Ауғанстанда және басқа мемлекеттерде қаза тапқандардың отбасылары.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1,5 млн теңгеден

ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге 100 мың теңгеден

Еңбек майданына қатысушыларға 50 мың теңгеден

Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне 100 мың теңгеден

ҰОС-да қайтыс болған қатысушылардың, мүгедектердің әйелдеріне 50 мың теңгеден

Ауғанстанда және басқа мемлекеттерде қаза тапқандардың отбасыларына 100 мың теңгеден

 Өз кезегінде, депутаттар ардагерлерді құттықтауға және оларға қосымша көмек көрсетуге қатысатынын жеткізді.