Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысына шығарылған үкімге байланысты пікір білдірген Жетісу облыстық прокуратурасы бастығының орынбасары Саян Дүйсебаев Күдебаевтың елден қашу ісі жеке қаралатынын атап өтті.
Серік Күдебаевтың елден қашуы бойынша іс бөлек қаралады
1,398
оқылды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты бүгінгі сот үкімі Қаңтар оқиғасына қатысты іс аясында ғана шығарылды. Күдебаевтың шетелге бой тасалуы бойынша іс бөлек қаралады. Бұл туралы Жетісу облыстық прокуратурасының қызметкері мәлімдеді, – деп хабарлайды nur.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысына шығарылған үкімге байланысты пікір білдірген Жетісу облысы прокуратурасы бастығының орынбасары Саян Дүйсебаев Күдебаевтың елден қашу ісі жеке қаралатынын атап өтті.

«Бұл істің қаралған қылмыстық іске еш қатысы жоқ. Ол бөлек тергелетін болады», – деді қадағалау органының қызметкері.

Айта кетейік, бүгін соттың үкімімен Алматы облысы Полиция департаментінің экс-бастығы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.