Ол синтетикалық есірткіні белсенді қолданушы ғана емес, оның тұрақты таратушысы болған
Алматыда есірткі зертханасы жойылды
680
оқылды
Алматы полициясы прокуратураның “Есірткі бизнесімен күрес” жобасы аясында есірткі зертханасын жойды. Есірткі зертханасын 27 жастағы О.есімді азамат иемденіп, жүргізіп отырған, деп хабарлайды polisia.kz.
 
"Күдікті біздің назарымызға біраз уақыт бұрын ілікті. Ол синтетикалық есірткіні белсенді қолданушы ғана емес, оның тұрақты таратушысы екені де белгілі болды. Мақсатты жедел және арнайы шаралар күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Ол "синтетика" өндіруші болып шықты. Ер адам өндірісті Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы үйлердің бірінде ұйымдастырған. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап есірткі сатушыны әшкереледік",– дейді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов