Қазақстанда ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды. Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды
1,704
оқылды

2023 жылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

Талапкерлер ҰБТ-ға тіркелетін кезде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.

Талапкерлер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш бере алады.