Аманаттық депутат мүгедектігі бар баланың арманын орындады

Ерекше балалар күн сайын қиындықтарды жеңуге мәжбүр. Оларға көмек, жанашырлық пен көңіл қажет. Дені сау балалар жүгіре алады, секіре алады, ашық ойындар ойнайды, спортпен шұғылдана алады. Ал ерекше балалар арбасындағы бала өмірдің көптеген қуанышынан айырылған.

Бүгін осындай ерекше баланың бірі Қайсар Қайратұлының арманы орындалды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев «Армандар орындалады» жобасына арнайы қатысып, қолдау білдірді. 9 жастағы Қайсар есімді ерекше балаға Алтынсары Дүйсенбекұлы өзі армандаған велосипедін тарту етті. 

 

 Меніңше, мұндай балалар өз құрдастарына ұқсағысы келеді. Кейде өздерін жеңе отырып, олар да өз мақсаттарына жетеді. Ерекше балаларға көмектесу керек, оларға мұқият және сезімтал болуымыз керек. Мұндай баланың әр күлкісі  бұл сыйлық. Мен мұндай балаларға өздеріне сену және қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін басқаларға қарағанда қарым-қатынас қажет деп санаймын. Сондықтан да алдағы уақытта партия атынан жобаға қолдау жасауды жалғастыратын боламыз, деді А.Үмбетәлиев.

 

«Армандар орындалады» жобасының авторы Әсел Бимырзаеваның айтуынша, мұндай жобаның мақсаты үйден оқытылатын ерекше балалардың қоғамнан тысқары, елеусіз қалмайтындарын ұғындыру және өмірлеріне өзгеріс енуі үшін қарапайым армандарын орындау арқылы қызығушылықтарын арттыру.

Айта кетейік, бұл күні арнайы ойын жеребесі арқылы 10 ерекше баланың арманы орындалып, қолдау жасалды.