Екібастұзда өртке байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекиннің бұйрығы Ашық НҚА сайтында шықты.
Енді өрт! Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
1,000
оқылды

"Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын",  делінген бұйрықта.

Еске салайық, 27 сәуірде Екібастұзда екіқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді.

Өрт сөндірушілер 30 адамды эвакуациялады, оның жетеуі – балалар. 

Сонымен қатар өрт сөндірушілер шатыры өртенген екіқабатты ғимарат ішінен 6 газ баллонын сыртқа алып шықты.