Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының өкілдері партияның «TazaLike» жобасы аясында Қызылорда өңірінің тарихи ерекшеліктерін айшықтайтын Сырдария өзенінің жағасында орналасқан «Сыр-Ана» монументі айналасына ағаш отырғызды.
«TazaLike» жобасы аясында сенбілік өтті
1,100
оқылды

Сыр-Ана монументінің биіктігі 39 метр. Ескерткіш пішіні биіктеген сайын өз діңгегінің айналасында оралып, әсем бейне қалыптастырады. Жоғары жағы қазақ әйелінің бейнесін айшықтайтын сәукелеге ұқсас жасалған. Сәукеле бейнесіндегі мұнара басын жайқалған күріш бейнесіндегі бөлшек аяқтайды. Қызылорда облысы Қазақ елін күрішпен қамтамасыз етеді. Сондықтан күріш – Қызылорда облысының белгісі. Монументтің самал желмен бұйраланған етегі Сырдарияның бұйра толқындарын бейнелейді. Сырдария өзені облыс шаруашылығында маңызды рөл ойнайды.

«Партиялық жоба аясындағы сенбілік жұмыстарының «Сыр ана» монументі жанында ұйымдастырылудың да мәні бар. Себебі «Сыр Алаштың анасы» деп бекер айтылмайды. Жаугершілік замандарда қазақтар Сырдария бойын паналаған. Одан бөлек,  Сырдарияның бойымен Жібек жолы керуені өткен және оның бойында тарихи қалалар орналасқан. Монументтің дария бойына орналасуы Сырдария өзенінің талайға пана да, ана да болғанын көрсетеді. Тарихтан сыр шертетін монумент жанына келіп сеурендеп,  дем алушылар да көп. Сондықтан егілген ағаштарымыз көгеріп, болашақта таза ауа беріп ғана қоймай, қала сәнін аша түссе дейміз», дейді партия филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова. 

Атқарушы хатшының айтуынша, «TazaLike» партиялық жобасы аясында бүгін партияның аумақтық филиалдары, бастауыш партия ұйымдары, сонымен қатар партияның «Жастар рухы» Жастар қанаты да сенбілік жұмыстарын жүргізуде. Ағаш егу, тазалық жүмыстары «Мәңгілік алау», Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үй ауласы, сонымен қатар тарихи ескерткіштер мен скверлерде жүргізілген.

***

Осы күні қаланы қоқыстан тазартып,  көрікті жерге айналдыру мақсатында «ТазаLIKE» жобасы аясында «Жастар рухы» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы экологиялық акция ұйымдастырды. 

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен шығысқазақстандықтар экологиялық іс-шарада ерекше белсенділік танытты.

Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен жас рухтастар Ертіс жағалауын қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Алдағы уақытта қала тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес «ТазаLIKE» жобасы жалғасатын болады.

***

Жеңіс күніне дайындық аясында партиялықтар Петропавлдағы Жеңіс саябағын тазарту бойынша сенбілікке қатысты. Біздің көптеген отандастарымыз акцияға қосылғанын атап өтеміз.

«AMANAT» партиясының қызметкерлері, белсенділері, облыстық мәслихат депутаттары қоқыстарды, жолдарды тазалап, саябақ аумағынан ағаштардың ескі бұтақтары мен құрғақ жапырақтарды алып тастады.

«Бұл акция бірлік пен өзара қолдаудың символына айналды. Біздің дәстүрімізді, тарихқа деген құрметімізді және Отанға деген сүйіспеншілігімізді бірге ғана сақтай аламыз. Соғыстан кейін өскен ұрпақтар оның батырлық беттері мен құрбандықтарын ұмытпауы үшін біз Ұлы Отан соғысына арналған әрбір ескерткішті қорғауымыз керек», - деп атап өтті «AMANAT» партиясының СҚОФ төрағасы Әсем Рахметова.

Партияның өңірлік филиалы осы сенбілікке қатысқан барлық адамдарға алғысын білдіреді. Біздің ортақ жұмысымыз жасыл аймақты ең жақсы деңгейде ұстауға көмектескеніне сенімдіміз. Табиғат пен біздің тіршілік ету ортамызға қамқорлық жасау-әрбір азаматтың басты міндеті. Біз барлығын осындай мәселелерде бірлікке және ортақ Отанымызға үнемі қамқорлық жасауға шақырамыз.

***

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалының қызметкерлері Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының ауласына тәрбиеленушілермен бірге жеміс талдарын отырғызды. 

Партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов пен партия қызметкерлері жеміс ағашын еккен аула енді «AMANAT» аллеясы деп аталатын болды. Бұл орталықтың басшылары мен тәрбиеленушілерінің ұсынысы.

***

Бүгін павлодарлық аманаттықтар «TazaLike» партиялық жобасының аясында аумақты тазалау және жаппай ағаш отырғызу бойынша жалпықалалық сенбілікке шықты. 

Металлургтер саябағында өткен іс-шараға өңір басшысы Асайын Байханов қатысты.

 «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр жылдан жылға жалғасын табуда. Қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыруды жақсартуға өз үлестерін қоса алады.

«Біз ерекше энергиясы бар әдемі қалада тұрамыз. Сүйікті қаланың таза көшелерінде жүріп, балалармен бірге күтілген жақсы аулада серуендегенге не жетсін. Қыстан шыққан қалаға біздің қамқорлығымыз қажет. «AMANAT» партиясы қалалық әкімдік ұйымдастырып отырған сенбілікке баршаңызды қатысуға шақырады. Біздің қаланы жасыл, әдемі және таза етіп жасайық», - деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.

Жалпықалалық сенбіліктердің негізгі мақсаты қоғамның назарын қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару болып табылады.

Павлодар облысы бойынша партияластарымыз жалпы облыстық сенбілікке шықты. Сенбілікке партия филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдары, партия ардагерлері мен “Жастар Рухы” ЖҚ белсенділері қатысты.