Біржан Шалқарұлы жеке басына қатысты сұрақтарға өзі жауап берді.
Ақбота Керімбекованың ұлы: анам да, әжем де некемді сақтап қалуға тырысты
6,023
оқылды

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ақбота Керімбекованың ұлы Біржан Шалқарұлы өз некесінің сәтсіз аяқталғанын айтты.

Біржан Шалқарұлы жеке басына қатысты сұрақтарға өзі жауап беруді жөн көрді.

“Анам да, әжем де некемді сақтап қалуға тырысты. Бұрынғы әйеліммен сәйкес келмейтінімізді түсіндік. Иә, мектеп жасынан бері бір-бірімізді жақсы көрдік, кездестік, десе де жас болған шығармыз. Тағдырдың жазғаны солай. Ортадағы бала үшін де бірге тұрып көрдік. Бірақ менің жолым бөлек, ол кісінің жолы бөлек. Қызыммен бос уақытымда кездесіп тұрамын. Баламен көрісу туралы өзара келісімге келгенбіз. Қандай жағдай болмасын, мен ол қыздың әкесімін. Қызым үшін, болашағы үшін қолымнан келгенін аянып қалмаймын”, – дейді Біржан.

Ақбота Керімбекова немересінің өнерге жақын екенін айтып, көңілі марқайып қалды. Әнші өзінің қандай әже екенін айтты.

“Мен қаңғыбас әжемін. Анда-мында жүреміз, жұмысым сол. Немереме айына 2-3 рет барып, уақыт табуға тырысамын. Күнделікті жұмыс, екі ұлымды үйлендіру керек, кіші баламның оқуы бар. Той-томалағымыз, концертіміз бар. Сыртта көп жүреміз”, – дейді Ақбота Керімбекова.