Батыс Қазақстан облысында тұрғындар қару қолданылған жанжалды видеоға түсіріп алды. Ақсайдағы аулалардың бірінде ер
адамдар жанжалдасып қалған. Кейін олардың бірі екіншісін қуа жөнеледі. Сол сәтте атыс дауысы естілген.
Ақсайда атыс болды
1,587
оқылды

БҚО полиция қызметкерлері жанжалдың қатысушыларын анықтапты. Кейін Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Газды қару қолданылған бұзақылық" бабымен іс қозғалды. 

"Мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүріп жатыр. Құрбандар мен жарақат алғандар жоқ", – делінген хабарламада. 

Полицейлер оқиғаның анық-қанығын жария етпеді.