Қайырымдылық жәрмеңкесінде әлемнің әртүрлі елдерінің асханаларынан аспаздық тағамдар ұсынылды. Мереке қонақтары дәмді тағамдардан дәм татып, олардың шығу тарихын біліп, әр халықтың мәдениеті, дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ мерекелік жәрмеңке барысында қазақ, орыс, өзбек, армян, ұйғыр, күрд ұлттарының ансамбльдері қатысқан ойын-сауық концерттік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар іс-шарада түрлі халықтардың спорттық жарыстары өткізілді. Спорттық шараға ересектер мен жас балалар да қатысты. Көрермендер жарысты қызығушылықпен бақылап, жеңімпаздарға символдық сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шара барысында ұйымдастырушылар экологиялық тазалықты да назардан тыс қалдырмады. Жәрмеңке өткізілген аумақта тұрмыстық түрлі қалдықтарды бөлек жинауға арналған арнайы экоконтейнерлер орнатылды. Жәрмеңкенің барлық қонақтары қоқысты өз орнына тастап, сол арқылы қаланың экологиялық қауіпсіздігіне үлес қоса алды.
Іс-шара соңында сатылымнан түскен барлық қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысатын "Тағдыр" мүгедек балалардың отбасылық клубына жіберілетінін болады.
«Бұл күн еліміздің барлық ұлттарын біріктіру жолындағы тағы бір қадам. Бұл шара әрбір қонаққа өзін Қазақстан атты үлкен және тату отбасының бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік берді», - дейді шараны ұйымдастырушы «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы өкілдері.