Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева қатты сырқаттанып қалғанын айтып, отадан басқа амал қалмағанын жазды. Ол ауыр дерттің өзімен бірге туғанын, бірге кететінін де жеткізген. Әртістің жазбасы қалың оқырманын алаңдатып қойды.
Миллионның бірінде болатын дерт - Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне ауыр ота жасалатынын айтты
5,820
оқылды

«Не болып кетті? Қашан жазыламын? Қысқасы, ота жасайтын болды. Аллаға тәуекел, дұғада болыңыздар. Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды.

Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін», - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.