Қуандық Шәкіржанов жұбайы мен балалары туралы айтып, отбасындағы қиындықтарымен бөлісті
"Қайтадан қосылмауымыз да мүмкін": Қуандық Шәкіржанов отбасындағы қиындықтарымен бөлісті
9,958
оқылды

Қуандық Шәкіржанов әйелінің өзіне өкпелі екенін ашып айтты. Актер бұл туралы Аман Тасығанның "Алғашқы" бағдарламасында сыр шертті.

"Қызым бой жетті, ұлым ер жетті. Жұбайым Арай балаларыма жақсы тәрбие берді. Біз гастрольде көп жүрдік. “Бауыржан шоумен” жүргенде “билет өтпей қалады” деген ой болмапты. Қазақстанның қай жеріне барсақ та билет өтіп кететін. Алматыда да 10-15 күн болып, тағы ел аралап кетеміз. Осылай 10 жылға жуық жүрдік. Енді әр отбасының өзгеге айтпайтын сыры болады. Жасыратыны жоқ мен уақытша жанұядан жырақ гастрольде жүрмін. Солай болу керек болған шығар, мінезіміз келіспеді ме екен? Бірақ ұл-қызыммен жиі араласып тұрамын. Мамалары келе алмай, сұхбат бере алмай жатса, маған өкпелі шығар. Өмір болғаннан кейін бәрі болады. Қосылмауымыз да мүмкін. Өнер адам болған соң той бар, дос бар Қазақстанды аралап кететінім бар. Мүмкін орынсыз серілік құрып кеттім бе? 50-60 жастан кейін де жаңа өмір бастауға болады. Ешқашан шаршамау керек" - деді Қуандық Шәкіржанов.