Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады.
Синоптиктер 1 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
5,375
оқылды

1 мамырға арналған ауа райы болжамымен бөлісіп, дауылды ескерту де жариялады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 24-29 м/с дейін жетеді. Талдықорған қаласында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстік бөліктерінде түнгі және күндізгі уақытта да найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Сонымен қатар, облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ойысады. Облыс орталығында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан жел кейін шығысқа ойысады. Облыс орталығында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

Алматыда және Қонаевта солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

 

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Павлодар қаласында түнде -1-ден -3 °C-қа дейін суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз солтүстік бағыттан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде түнде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде де жел тұрады. Семей қаласында күндіз солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жететін болады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз  өңірдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай ойнауы мүмкін, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, ал күндіз кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Шымкент қаласында күндіз 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі.

Түркістан қаласында да 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен шығыстан солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болатын солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі.