Түркістан облысында үш ай ішінде жол-көлік оқиғаларынан 50 адам қаза тапты

Жыл басынан бері Түркістан облысының аумағында 127 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Түркістан облысында үш ай ішінде жол-көлік оқиғаларынан 50 адам қаза тауып, 139 адам түрлі дене жарақатын алды.

Жыл басынан бері Түркістан облысының аумағында 127 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 50 адам қаза тауып, 139 адам түрлі дене жарақатын алған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, автокөлікті мас күйінде басқару, көлікті басқару құқығы жоқ кәмелетке толмағандарға беру, сондай-ақ жол бойында төрт-түліктің қараусыз жайылуы болып отыр.

Бүгінде профилактикалық жұмыстардың барысында тәртіп сақшылары ауыл-аймақты аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Басты мақсат - тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелерін түсіндіру.

Бүгін Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаев Сауран, Созақ аудандарында болды.