Шахмат тәжінің тағдыры тай-брейкте шешілді.
Дин Лижэнь шахматтан жаңа әлем чемпионы атанды
1,760
оқылды

Елордада әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы тартысты ойын аяқталды. 

Кездесудің негізгі бөлігінің соңында Дин Лижэнь мен Ян Непомнящий тең ұпай жинап, шахмат тәжінің тағдыры тай-брейкте шешілді.

"Қазақстан мен Астана бүгін әлемдік жаңалықтардың көшін бастады! Біз әлемдік шахмат тарихына мәңгілік ендік. Бұл - еліміздің астанасында әлем чемпионатын өткізу идеясын қолдаған Мемлекет басшысы мен Қазақстан шахмат федерациясы Президентінің және баршаларыңыздың еңбегі. Қатарлас өтіп жатқан басқа турнирлердің қатысушыларын қолдаған жанкүйерлеріміз оқиғаларды жібермей бақылап, лайк басып, пікір қалдырып, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға қолдау көрсетті", – деп жазады Қазақстан шахмат федерациясы.