Ол есірткіні тек шетел азаматтарына жеткізіп отырған.
Олимпиада жүлдегері есірткі сатумен айналысқан
2,297
оқылды

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының брасс әдісі бойынша жүзу жүлдегері Светлана Варганова Гоада (Үндістан) есірткі сатты деген күдікпен ұсталды. Indian Express ақпаратынша, ресейлік қыз бірнеше жылдан бері Гоада тұрған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Варганованы Үндістанда 14 сәуірде ұстаған кезінде өзімен есірткі бар екені анықталған. Кейінірек оның сыбайластары да осындай заттармен тұтқындалды.

«Ол есірткіні тек шетел азаматтарына жеткізіп отырған. Сондай-ақ оның үйінде кальян бары ашылған, ол жерге шетелдіктер келіп, есірткі қолдана алған», - деді тергеуге жақын полиция өкілі.