Қару-жарақ тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды.
Талдықорған маңынан қару-жарақ сақталған қойма табылды
2,154
оқылды

Талдықорғанның маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды.

29 сәуірде ҰҚҚКБ қызметкерлері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінде қару-жарақ сақталған қойманы анықтады.

- Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды, - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов. 

Қару-жарақ тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.