Бірнеше өңірде жел екпіні күшейеді.
1 мамыр күніне арналған ауа райы болжамы
2,533
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін күн бұлтты болады. Жауын-шашын жаууы ықтимал. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысында жаңбыр жауады.

Оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, жауын жауады.

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Жел екпіні күшейеді. Солтүстікте тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде 1-7 градус үсік, Қарағанды, Ұлытау облысында топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.