Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Мәулен Әшімбаев: Басты міндетіміз – ел бірлігіне сызат түсірмей, одан әрі нығайту
1,237
оқылды

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың және бейбітшілік пен келісімнің мерекесі. Бүгінде өзара достықты ту еткен Қазақстан халқы ұлттық бірегейліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Шын мәнінде, біз – әралуандықты береке-бірліктің өзегіне айналдырып, елдіктің іргетасын бекемдей алған елміз.

Қазіргі таңда осы бірлігімізге сызат түсірмей, одан әрі нығайту – алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік әрі берік болуы үшін бұл жолда жұдырықтай жұмылу аса маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Осы тұрғыдан келгенде, бүгінгі мейрамның мәні зор, маңызы ерекше.

Бірлік күнімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық және құт-береке тілеймін! 

Егемен еліміз өсіп-өркендей берсін! 

Аспанымыз әрдайым ашық болсын!