Тарбағатай ауданында тозығы жеткен 34 мектеп жөндеуден өтеді
Тарбағатай ауданында тозығы жеткен 34 мектеп жөндеуден өтеді
387
оқылды
Тарбағатай ауданында жұртшылықпен кездескен облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова ауданның білім саласына қатысты жасаған баяндамасында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ауданда 73 білім беру мекемесі бар болса, оның ішінде  49 мектеп пен 20 балабақша жұмыс істеп тұр. Тарбағатайдағы білім беру жүйесін дамыту мақсатында  алдағы 5 жылда облыс бюджетінен 1 475 млн теңге қарастырылған. 2020-2021 жылдары 8 білім беру мекемесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 747,6 млн теңге бөлінген. Биыл Ш.Уалиханов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуге 261,5 млн теңге және келер жылы 5 мектеп пен 2 балабақшаны күрделі жөндеуге 486,1 млн теңге қарастырылған. 2020-2024 жылдары барлығы 34 білім беру мекемесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. – 2020 жылы 6 мектепке 120,3 млн теңге қарастырылды. Атап айтсақ, Құйған орта мектебіне –34,7 млн теңге, Сасан би атындағы орта мектебіне –  25,7 млн теңге, Ақмектеп орта мектебіне – 22,9 млн теңге, Қ.Ақынов атындағы орта мектебіне – 19,0 млн теңге, Ы.Кәбеков атындағы орта мектебіне – 10 млн теңге, Д.Қонаев атындағы мектеп-балабақша кешеніне – 8 млн теңге бөлінді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы