Жанжал шығып, 24 жастағы жігіт 19 жастағы жігіттің бетінен бір ұрған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған.
Қарағандыда 19 жастағы жігіт бір соққыдан кейін қайтыс болды
1,667
оқылды

Қарағандыда 19 жастағы жігіт бір соққыдан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды «Вечерняя Караганда» басылымы.  

Басылымның мәліметінше, оқиға 30 сәуірде 02.30 шамасында жергілікті мейрамханада болған. 

«Жанжал шығып, 24 жастағы жігіт 19 жастағы жігіттің бетінен бір ұрған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деді қалалық Полиция департаментінің өкілдері «Вечерняя Караганда» басылымына.