Қыз Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты
Полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды
1,089
оқылды

Талдықорғанда полиция көпірден секірмек болған қызды құтқарды.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 мамыр күні таңертең «102» номеріне жас келіншектің Қаратал өзенінің көпірінен секірмек болғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Жақын маңда жүрген Дамир Жанатов пен Ержан Жасұланұлы құрамындағы патрульдік экипаж, сондай-ақ жергілікті учаскелік инспектор Мұрат Сарыбаев оқиға орнына дереу келді. Сондай-ақ, сол жерде өтіп бара жатқан ер адам тәртіп сақшыларына көпірдің астындағы құбырларға ілініп қалған қызды шығаруға көмектесті.

«Құтқарылған қыз Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған медициналық көмек қажет болмады. Полиция қызметкерлері бойжеткен қызбен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін туыстарына тапсырды. Бұндай іс-әрекетке барудың себебі анықталуда»,- делінген ведомствоның хабарламасында.