Павлодардағы "Яблонька" бау-бақшасындағы жалын саяжайлар мен құрғақ шөпке өтіп, 6 гектар жер жанып кетті.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, өртті сөндіру жер бедеріне байланысты қиындаған.
«Жалпы аумағы 30 гектарды құрайтын қамыс өртенді. Өрт павлодарлық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағына – Жаңаауыл орман шаруашылығына да таралды. Үш гектар алқаптағы орманда құрғақ шөп пен қарағаш өртенді», – делінген хабарламада.
Өрт туралы хабар 30 сәуір күні сағат 18:26-да түскен. Жалынмен 35 адам күрескен, оның 20-сы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Тоғыз автоцистерна пайдаланылды.