Оқиға жаттығу кезінде болған.
Танымал жаттықтырушы 7 жасар баланы көпшіліктің көз алдында ұрып өлтірді (видео)
9,357
оқылды

Жантүршігерлік видео спорт мектебінің жаттығу залындағы камераға түсіп қалған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Vzglyad.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әзербайжанның танымал жаттықтырушысы жаттығу кезінде балаларды ұрып-соққан. Оқиға Сумгайыт қаласындағы спорт мектебінде болған. Дзюдо мен самбодан жаттықтырушы, ІІ Еуро ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов жаттығу кезінде 7 жасар Фарид Бакаровты ұрып-соққан. Видеодан шашынан тартып, жұлқылап, кілемде бүк түсіп түсіп жатқан баланы тепкілегені анық көрінеді. 

Сумгайыт қаласының прокуратурасы Caliber.Az-ға хабарлаған мәліметте, 2016 жылы туған Фарид Бакаров жаттықтырушы Мехман Халиловтың соққысынан көз жұмғанын мәлімдеген. Жаттықтырушы ұрып-соққан кезде баланың мойын омыртқасына зақым келген. Балалар ауруханасына жеткізілгенімен, баланы дәрігерлер құтқара алмады. 

1994 жылы туған жаттықтырушы Мехман Халилов күдікті ретінде қамауға алынды. Тергеу басталды.

Фото: vzglyad.az