Енді бағдарлама айлығы аз адамдарға ғана қолжетімді болуы мүмкін.
Жоғары жалақы алатындарға 4 пайыздық автонесие берілмеуі мүмкін
2,169
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев автокөлік алуға берілетін 4 пайыздық жеңілдетілген несиеге қатысты бірқатар өзгеріс  болуы мүмкін екенін айтты.

«Бағдарлама бойынша қандай көліктер қатыса алады?» деген мәселе бар. Қазір бағдарлама 10 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік береді. Ал машинаның құны 15 млн теңге болуы керек дедік. «Киа Спортэйдж», «Хюндай Туксон» сияқты брендтердің бағдарламаға қатысуын қайта қарауымыз мүмкін. Бұл – ақырғы шешім емес, талқыланып жатыр», – дейді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, енді бағдарлама айлығы аз адамдарға ғана қолжетімді болуы мүмкін.

«Төртіншісі, ең маңыздысы сияқты меніңше, бірнеше бағыт талқыланып отыр. Еңбекақының ең жоғары шегін бектіу мәселесін қарастырамыз, яғни айлық белгілі бір сомадан асып кетсе, ондай адамдар бағдарламаға қатыса алмайды. Автонесие бағдарламасын Hyundai Accent, Chevrolet Cobalt сияқты халық көп мінетін көліктер үшін қолжетімді етуді жоспарлап отырмыз. Бұл өзгерістердің бәрін бір айдың ішінде аяқтаймыз», – деді министр.