1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді.
Қор биржасында доллар бағамы төмендеді
2,123
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық бойынша доллар бағамы 4,06 теңгеге төмендеп, 1 доллар 449,15 теңге болды.

Ұлттық банктің 2 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 453,39 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 448,5 теңге, сатып алу – 451 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446,4 теңгеден болса, сатып алу – 450,4 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,4 – 5,6 теңге аралығында, ал Астанада  5,51 – 5,61 теңгеден саудаланып жатыр.