Бокстан ӘЧ: Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге өтті

Төлтаев қарсыласын ұпай санымен ұтып, 1/16 кезеңге шықты.

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге шықты.

Қазақстандық боксшы 1/32 финалда Израиль өкілі Ахмад Штивимен жұдырықтасты.

С.Төлтаев қарсыласын ұпай санымен ұтып, 1/16 кезеңге шықты.

Санатәлі 1/16 финалда маврикиялық Ришарно Коленмен шеберлік байқасады.

Бүгін 1/8 финалға шыққан Сағындық Тоғайбайдың қарсыласы – өзбекстандық Шохжахон Абдуллаев.