Дүкенде күзетші жоқ, дабыл батырмасы да орнатылмаған.
"100 миллион теңгенің затын ұрлап кеткен": Ақмола облысында ұрылар зергерлік дүкенге баспалдағын тесіп кірген
2,863
оқылды

Ақмола облысында қылмыскерлер зергерлік дүкенге бетон баспалдағын тесіп кірген. Ол туралы видео әлеуметтік желілерге тарап кетті.

Қарақшылар зергерлік дүкендегі барлық бағалы затты үптеп кеткен.

"Бүгін түнде қалалық базар маңындағы «Золотинка» зергерлік дүкені тоналды. Сөрелерде ештеңе қалмаған. Шамамен 100 миллионнан аса шығын болуы мүмкін", – делінген жазбада.

Бір қызығы, бұл дүкенде күзетші жоқ екен. Дабыл батырмасы да орнатылмаған. Ал қарақшылар еденнен басқа ештеңені бүлдірмей кетіпті.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі ұрлық дерегін растады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.