Бұл мәселе туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 19 сәуірінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеген болатын.
Үкіметте тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қаралды
1,103
оқылды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қаралды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтына хабарлайды.

Бүгінгі таңда республикада 54 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй (КПТ) бар.

Соңғы үш жылда 45 мыңнан астам МИБ (мүлік иелерінің бірлестіктері) көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшті.

Талқылау барысында Кеңес мүшелері тұрғындарға сапалы әрі ашық қызметтер көрсету мақсатында КПТ басқарудың қосымша тетіктерін қарастыратын заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу бойынша ұсыныстарды қарады және қолдады.

Отырыста жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру мәселелері де талқыланды.