Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында парадзюдодан Азия чемпионаты басталды.
Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты басталды
693
оқылды

Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, IBSA Дзюдо төрағасы (Дүниежүзілік Пара Дзюдо Ұйымы) Янош Тардос және Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.

«Құрметті спортшылар және жарыс қонақтары, бүгін дүбірді додаға қош келдіңіздер! Бүгінгі жарысымызға Азияның 11 мемлекетінен 100-ге тарта спортшылар қатысуда. Азия чемпианатының біздің елде өтуінің өзі – елеулі оқиға. Біз еліміздегі спорттың дамуына барынша қолдау көрсетудеміз. Оның ішінде паралимпиаданың алар орны ерекше. Өзіміздің спортшыларға сәттілік тілейміз!» деген Асхат Оралов сайыс әділ өтетініне сенім білдірді. 

Турнирді өткізуге атсалысқан Мәдениет және спорт министрлігі және Дзюдо паралимпиадалық федерация мүшелеріне алғысын білдірген Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен барша спортшыға сәттілік тіледі.

Пара дзюдодан Азия чемпионатының ашылу салтанатымен құттықтаймын. Бұл өте қуантарлық жағдай. Паралимпиадалық дзюдо бойынша әлемдік деңгейлi жарыстың Қазақстанда екінші мәрте өткізіліп отыр. Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде бұқаралық спорт қарқынды дамуда. Сондықтан бүгінгі турнир елімізде салауатты өмір сүру салтын насихаттап, өскелең ұрпаққа үлкен тәрбие береді деген сенімдемін.

Фото: Р.Фахрутдинов