Халық әртісі Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйеліне қатысты өз шындығын «1001 түн» бағдарламасында айтып берді.
Бағдарлама барысында ол Мерей туған бауырының қызы екенін, оны асырап алғанын жасырмады. Сондай-ақ Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасынан туған балаларымен неліктен араласпайтынын да түсіндіріп өтті.
«Ол кісі Зәкеңнің көзі тірісінде балаларын араластырмады. Мерейдің маңдайынан бір сүймеген адамдар. Зәкеңнің жоқ болғанына 18 жыл болды ғой. Бір келіп, Мерейдің маңдайынан сүймеген адамдар. Бұл қыз мектепке барды, мектепті бітірді. Біреуі келіп құттықтап, бір кірген емес. Зәкеңнің зейнетақысына таласқанына не сұрайсыз?
Зәкең қайтыс болғанда Қайрат – 38-де, Құралай – 33-те болды. Сөйтіп отырып, олар зейнетақысына таласты. Зәкеңнің зейнетақысын 18 жыл бойы бөлісті. Осыдан кейін қандай туысқандық болуы мүмкін? Біз Зәкеңді құрметтейміз. Зәкеңнің шаңырағының иесіміз. Сондықтан да бізге тыныштық берсін» – деді Мақпал Жүнісова.