Мәскеуде екі жарылыс болды. Екі белгісіз ұшқышсыз аппарат Ресей президентінің резиденциясы орналасқан Кремльді нысанаға алды деген ақпарат тарады.
РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін түнде екі ұшқышсыз аппарат Кремльді нысанаға алып, жарылыс жасағысы келген. Шабуылдан Ресей президенті мен басқа да адамдар зардап шекпеген. Мемлекет басшысының жұмыс кестесі өзгерген жоқ.
"Бұл шабуыл Жеңіс күні қарсаңында жасалды. Ол Ресей президентіне қастандық жасау мақсатында болды. Ресей тарапы міндетті түрде қарымта шабуыл жасайды. Оның қай кезде болатынын уақыт көрсетеді", – делінген хабарламада.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин шабуыл кезінде жұмыс орнында болмаған.