Кремль Владимир Путинге қастандық жасалмақ болғанын мәлімдеді. Ресей билігі өкілдері түнде Путиннің резиденциясына ұшқышсыз құрылғы соққы жасамақ болғанын, бірақ бұл кезде президент Кремльде болмағанын хабарлады.
"Екі дрон Кремльге бағыт алған, алайда әскери және барлау мамандарының әрекеттері нәтижесінде олар істен шықты. Ресей билігі мұны 9 мамырдағы шеру қарсаңында Президентке жасалмақ болған қастандық әрекеті деп атайды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Видеодан Кремльге жақындап келген дронның атып түсірілгенін көруге болады.