Ақтаудағы 4-шағын ауданда жасөспірім тұрғын үйдің 6-қабатынан құлап қайтыс болды.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 мамыр күні 07:20-да түскен.
"Жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттің 6-қабаттан өзін лақтырып жібергені белгілі болды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды",– деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.