Елордалық «Брюссель» тұрғын үй кешені маңындағы қамыстан өрт шықты, деп хабарлайды Астана ТЖД баспасөз қызметі.
«3 мамыр күні сағат 20:50-де Астана ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Қайым Мұхамедханов көшесі, 28а мекенжайы бойынша шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер келгенде шамамен 400-500 шаршы метр аумақта қамыс пен құрғақ шөптің жанғанын анықтады», - деп жазды елордалық ТЖД.
Қамыс өрті тоқтатылды, шамамен 1000 шаршы метр аумақ өртеніп кеткен. Оны сөндіруге қалалық ТЖ департаментінің жеке құрамынан 14 адам және 3 техника жұмылдырылған.