Оқыс оқиға Екібастұз қаласында болған.
Балабақшада баланың көзін қарындашпен шұқып алған
1,330
оқылды

Сурет салып отырған бала жанындағы баланың көзін қарындашымен шұқып алған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

№24 балабақшадағы жағдай туралы жапа шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде жариялады. Әйел баласының көзіне қарындаш кіріп, жарақат алғанын айтады. Тәрбиешіні «балаларға қарамады» деп айыптады. 

Осыдан кейін мектепке дейінгі мекемеде қызметтік тергеу жүргізілді. 

Балабақша басшысы Людмила Лабудько оқыс оқиға 28 сәуірде түстен кейін болғанын айтты. Сол кезде топта 4-5 жастағы үш бала ғана болған. Екеуі үстел басында сурет салып, тәрбиеші олардың жанында отырған. Мұны бейнебақылау камерасы да растайды.

«Сурет салып отырған бала кенет бұрылып қалғанда, екінші баланың көзіне қарындаш тиіп кетеді. Сол кезде бала жылаған жоқ. Көзі ісіп, жарақат алмады. Дегенмен оны дереу дәрігерге қаратты. Тәрбиешілер бірден анасын шақырды», – деді.

Осы оқиғаға қатысты қалалық білім бөлімінің қызметкерлері қызметтік тергеу жүргізіп, ата-аналармен әңгімелесіп, бейнебақылау камераларын тексерген.

«Бұл оқиғада тәрбиешінің кінәсі жоқ. Бәрі абайсызда болды. Абырой болғанда баланың көзі қатты жарақат алмады. Қазіргі таңда ата-аналардың да талаптары жоқ. Мәселе шешілді», – дейді білім бөлімінің өкілі.

Осыдан кейін, Екібастұз қаласы әкімдігі мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі мен «Почемучки» тобының тәрбиешісіне сөгіс жариялады.

 

Фото: klass-master.ru