Алматыда «Қара шапан» мүсіні орнатылды.
Алматыда шапанға арнап мүсін орнатты
962
оқылды

Суретші Сырлыбек Бекботаевтың еңбегі Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына қойылған. Бұл туралы Aikyn.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Үш метрлік шапанды күйдірілген металдан өріп жасаған. Салмағы – жарты тонна, диаметрі – 3,5 метр.

 

 

Автордың айтуынша, шапан – ұлттық киім. Ол қазақ және Орта Азия мәдениетінің бір бөлшегі. Көшпенділер құрметті қонаққа ат мінгізіп, иығына шапан жапқан. 

Мүсінді орнатуға кәсіпкерлер демеуші болған.

Бұған дейін әйгілі боксшы Мурата Головкин жапқан шапанды музейге қойғаны туралы жазған болатынбыз.