Бір адамның қан қысымы түсіп кеткен.
Жаңаөзенде аштық жариялаған 15 адамға жедел жәрдем көлігі шақыртылды
2,088
оқылды

Жаңаөзенде тұрақты жұмыс сұрап, аштық жариялаған 15 адамға 4 мамырға қараған түні жедел жәрдем көлігі шақыртылды. Бір адамның қан қысымы түсіп кеткен. Бұл жөнінде "Азаттыққа"  жаңаөзендік белсенді Жадыра Доскеева мәлімдеді, – деп хабарлайды Азаттықтың Telegram арнасы.

Оның сөзінше, 3 мамырда әкімдіктен адамдар келіп, “аштықтың салдарына жауап бермейтіні жөнінде” құжатқа қол қойдыртуға тырысқан.

“Ертең біреу құдай сақтасын, аяқастынан жазым болып өліп кетсе, Үкімет өзінің мойнына алмайды. Сол үшін қол қойдыртып алайын деген. “Бізде кінә жоқ, жұмыс ұсындық” дегендей. Ал наразылар қол қойған жоқ”, –  деді белсенді.

Түнде қалада жаңбыр жауған кезде аштық жариялағандар әкімдік алдындағы қалқаға келіп, сонда түнеп шыққан. Наразылар прокуратурадан адамдар келіп, “қысым жасауға тырысқанын” да айтты.