«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Miras азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің I тоқсандық есебінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, қоғамдық кеңес төрағасы Қалыйма Жантөреева ашып, жүргізді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Miras азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамын сапалық тұрғыдан нығайтып, толықтыру және қоғамдық кеңес мүшелерін 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекіту, республикалық сайлауалды қоғамдық штабының Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша мәселелер қаралды.
Кеңесте сөз алған баяндамашы облыстық Мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы бүгінде облыс көлеміндегі мәдениет ошақтарының жоқтығын айтты. Рухани астана атанған Түркістан қаласының өзінде, жаңадан құрылған Сауран ауданында да мәдени шаралар ұйымдастыратын мәдениет үйі жоқ екені жөнінде айтып, облыс мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбек өз ұсынысын білдірді.
Бұдан өзге жиынға қатысушылар мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілін қолдану аясын кеңейту мәселесін қозғады. Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова бала тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау жұмыстарын барынша күшейту керегін айтып, ақсап тұрған білім ошақтарының мәселесін кеңес мүшелерінің арасында талқыға салды. Сонымен қатар бұл жиында өңірде көрнекті тұлғаларды жерлейтін арнайы пантеон салыну керегі де ұмыт қалмады. Бүгінде сызбасы жасалып, жоспары жасалу үстінде.
Облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев өңірде спортты дамыту үшін барлық аудандардағы спорт мектептерінің құрал-жабдықтарымен толық қамту қажеттілігі бар екенін айтып, өз ұсынысын білдірді.
Айта кетейік, жиын соңында Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары бекітіліп, құрамы жаңа азаматтармен толықты.