Президент Эмомали Рахмон екі елдің депутаттарын белсенділік танытуға, кездесіп, тәжірибе алмасуға шақырды.
Мәжіліс төрағасы Тәжікстан президентімен кездесті
1,163
оқылды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанаға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. 

Қазақстан - Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары Қазақстанды нығайтуға, оның тұрақты және орнықты дамуына бағытталған. Бүгін біз Мемлекет басшысымен елдеріміз арасындағы одақтастық ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойдық және  жиырмадан астам басқа да келісім жасалды. Соңғы жылдары екіжақты тауар айналымы 3-4 есе өсті. Мұның барлығы серпінді ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынастарымыздың орасан зор әлеуетін айғақтайды, - деді Тәжікстан Президенті.

Президент Эмомали Рахмон екі елдің депутаттарын белсенділік танытуға, кездесіп, тәжірибе алмасуға шақырды.

 Ерлан Қошанов өз сөзінде Қазақстан-Тәжікстан дипломатиялық қарым-қатынасы орнаған 30 жыл ішінде Тәжікстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы болғанын ерекше атап өтті.

- Сіздің келуіңізді тарихи сапар деп атауға болады.  Бұл біздің болашақтағы жемісті қарым-қатынасымызға жақсы негіз болады, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Ол парламентаралық ынтымақтастықтың әлеуетін екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жолында  пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

 Кездесу барысында екі елдің жастары, ғалымдары, өнер қайраткерлері мен зиялы қауымы арасында тұрақты байланыс орнату қажеттігіне ерекше назар аударылды. 

Кездесуге Мәжіліс комитеттерінің төрағалары, Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов қатысты.