Бұл Қазақстан құрамасынан жарысты аяқтаған екінші боксшы
Тағы бір боксшымыз әлем чемпионатында жеңіліп қалды
1,766
оқылды

Қазақастандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

63,5 келіде өнер көрсететін Төлтаев 1/16 финалда маврикийлік боксшы Ришарно Колинмен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Колинге берді. 

Бұл Қазақстан құрамасынан жарысты аяқтаған екінші боксшы. Мұның алдында 60 келіде Талғат Сырымбетов турнирден шығып қалған болатын.