Қазақстанда биыл шілде айынан бастап темекі өнімдерінің бағасы өседі. Қаржы министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
2,737
оқылды

Ашық НҚА порталында "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрық жобасы жарияланды.

Құжатта 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – 710 теңге; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу ұсынылды.

Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрлік түсіндіргендей, бағаның өсуіне темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесінің 14%-ке ұлғаюы, импортталатын шикізат пен материалдардың қымбаттауы, логистиканың едәуір күрделенуі және инфляция себеп болып отыр.

Осыған байланысты ведомство темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді орынды деп санайды.

Құжат 19 мамырға дейін қоғам талқысына шығарылды.