«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
"Түнде 1-7 градус үсік сақталады": алдағы 3 күнге ауа райы болжамы жарияланды
5,883
оқылды

Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы қалыптасады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Жоғары атмосфералық қысым Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктеріне ықпалын сақтайтындықтан, күн райы ашық әрі жауын-шашынсыз болады.

«Бұл ретте, ауа температурасының жоғарылауы жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.